Created: 21 Шiлде 2022
45

«Жаздыгүн шілде болғанда» атты үйірме оқушылары арасында өткізілген спорттық сайысының хабарламасы

2022 жылдың 20 шілде күні сағат 10.00-де аудандық оқушылар үйінде жазғы жұмыс жоспарына сай оқушылардың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді пайдалану, қоршаған ортаға көқарасын ояту, салауатты өмір салтын сақтай отырып, эстетикалық тәрбие беру мақсатында  «Жаздыгүн шілде болғанда» атты үйірме оқушылары арасында көңілді спорттық сайыс өткізілді.

Сайысқа «Сөз сыры», «Асыл мұра», «В мире дизайна», «Роботтар әлемі», «Жас қаламгер»,  «Қарлығаш» би  үйірмелерінен оқушылар қатысты.  «Алма» мен «Банан» болып топқа бөлінген оқушылар өздерінің ұрандарымен таныстырып, «Балық аулау» ілмек арқылы балық жинау, «Самғау» белдемше арқылы кедергілерден өту, «Кім шапшаң» секіргішпен кедергілер арасынан өтіп суретті бояу, «Ержүректер»  допты түсірмей алып жарысу, «Қағып ал» топ басшысы допты тобына лақтырып тез жету, «Күшім көп» арқан тартысу, «Тұлпарлы дода» самакатпен жарысу, «Үй жұмысынан қашпаймыз» қаппен жарысу турларынан өтті.

Сайыс қорытындысында «Алма» тобы- 1 орын, «Банан» тобы- 2 орынды иеленіп дипломдар табыс етілді. Белсенділік танытқан «Асыл мұра» үйірмесінің оқушысы Сапарова Аружан, жетекшісі- Қаржауова Ардақ,   «Қарлығаш» би үйірмесінің оқушылары- Қаһарман Шұғыла, Талғат Сезім жетекшісі  Мадекешова Клара, «Сөз сыры» үйірмесінің оқушылары- Жеңіс Мейірбек, Арманұлы Еркебұлан, Нұрланұлы Нұрхат жетекшісі Әділханова Айдана «Алғыс хатпен»  марапатталды. Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сайысқа қатысқан оқушылар  мен жетекшілеріне алғыс айта отырып жазғы демалыстарыңыз сәтті өтсін деп тілек айтамыз.