Created: 24 Тамыз 2022
33

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.

Жазғы демалыс оқушылардың еркіндікте болып, өзі үшін қызықты істерді жасап өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең. Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, денінің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру ұйымдарының жазғы сауықтыру ауысымдары жұмыс жасауда.

Лагерь – белсенді демалыс аймағы, әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 23 маусым мен 14 шілде аралығында Алматы қаласында «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығында аудан мектептерінен аз қамтылған, көп балалы отбасынан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардан 5 бала демалып келді.

8 шілде мен 22 шілде аралығында 14 оқушы Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» - оқу сауықтыру орталығында демалып, өте ерекше күйде болғандарын жарыса мәлімдеді.

Ресей Федерациясы Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» емдеу пансионатында

І-кезең 30 шілде – 13 тамыз аралығында 40 бала

ІІ-кезең 1 тамыз бен 15 тамыз аралығында 36 бала

ІІІ-кезең 16 тамызбен 29 тамыз аралығында 20 бала

ІV-кезең 18 тамызбен 1 қыркүйек аралығында 23 бала демалуда.

Сонымен қатар 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Шымкент қаласының «Көктөбе» балалар сауықтыру лаерінде 36 мектеп оқушылары демалуда.

Жаздағы жақсы демалыс – жыл бойына қажетті күш–қуат. Балалардың дені әрқашан сау болсын!!!