Created: 24 Тамыз 2022
35

Биылғы жаз айлары мен үшін ерекше есте қаларлықтай болды,оның басты себебі Геолог Қазақстан сауықтыру лагері

Биылғы жаз айлары мен үшін ерекше есте қаларлықтай болды,оның басты себебі Геолог Қазақстан сауықтыру лагері. Лагерьге барған алғашқы күндерімде маған үйренісу өте қиын болғанымен, қасымдағы бірге жүрген достарымның арқасында лагерьге тез үйренісіп кеттім. Бізді әртүрлі экскурсияларға апарды, сондай ақ лагерь аймағындада көңілді болды. Лагерьде өткен 2 аптам, 2 күндей өте шықты. Сағыныш сезімі әлі сөнбеді. Лагерде өткізген әр минутымды қимаймын.

Лагерьдің әр күні қызыққа толы өтті,әртүрлі сайыстар және шаралар белсенді өткізілумен болды.Атап айтсам дебат пікірталасы, спорттық эстафета, поэзия кеші және т.б. Сол шараларға бізді дайындап,көмектесіп,бізге жақсы көңіл күй сыйлаған Азамат және Қайыржан ағайларымыздың еңбегі зор. Лагерьдің өзінен бөлек, біз барған аймақтың табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Айналадағы таулар көз тартарлықтай сұлу. Демалу орталығы болғандықтан ауасыда өте жағымды болды. Біз 1 апта бойы әртүрлі емдомдар алдық, солардың бәрі маған жақсы әсерін берді. Егерде маған осы лагерьге қайта бару мүмкіндігі ұсынылатын болса мен ойланбастан келісімімді беретін едім.Осы 15 күн бойы бізді өз баласындай көрген,бізге жетекші болған Азамат және Қайыржан ағайларыма, осындай керемет лагерьге жіберген анама және лагерьге жолдама берген оқушылар үйіне алғысым шексіз!