Created: 20 Қыркүйек 2022
32

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың хабарламасы

         2022 жылдың 15 қыркүйек күні сағат 10.00-де аудандық оқушылар үйінің базасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың аудандық байқауы қашықтан өткізілді.

         Аудандық байқауға Абай, Б.Бегалиев, Сүйіндік,  Нұржау, Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектептері және аудандық оқушылар үйінің «робототехника» үйірмесінің оқушылары қатысты.

 1) «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер) номинациясы бойынша:                                                                                          

          ІІІ орын –Абай атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Қазиханов Аманбек Қанатұлы, жетекшісі: Утеков Нұрболат.                                                           

          2) «Өндіріс саласында техникалық құрастыру» (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр-түрлі техникалық нысандар моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластикпен және т.б) жасалған тәжірибелік модельдер) номинациясы бойынша:

           І орын –Сүйіндік жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Марданов Бекарыс, жетекшісі: Аюпова Нұргүл.                                                        

        3) «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласында техникалық құрастыру» (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешкендері, тәжірибелік модельдер және т.б)  номинациясы бойынша:

         І орын – Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Ғалымжан Марат, жетекшісі: Садыхов Жаскадир;

         ІІ орын –Нұржау  жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Сарсенбай Жанаргүл, жетекшісі: Қуанова Айсауле.                                                           

        4) Әскери техника саласында техникалық құрастыру номинациясы бойынша:                     

          І  орын – Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Утеулі Олжас, жетекшісі: Ишанов Жандос.

        5) Су көлік саласында техникалық құрастыру номинациясы бойынша: 

         І  орын - Абай атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ғалимжанов Ерлан, жетекшісі: Теміржанов Ақназар.                                                           

         6) Құылыс облысындағы жобалар номинациясы бойынша: 

         І  орын - Абай атындағы жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Өмірбек Ербол, жетекшісі: Аққалиева Нұргүл;                                                          

         ІІ  орын - Нұржау жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Талап Үздік, жетекшісі: Қалиханов Қуаныш;

  7)   Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар номинациясы бойынша:                                                 

          І  орын - Абай атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Болат Әли, жетекшісі: Сидәлиев Қайыржан.

         8) Компьютерлік графика және 3D  модельдеу номинациясы бойынша:                                                                      

         І орын – аудандық оқушылар үйінің «робототехника» үйірмесінің оқушысы Сәрсембаев Нұрасыл, жетекшісі: Уалиева Баян.

        Аудандық байқаудан І орын алған оқушылар облыстық байқауға жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз