Created: 23 Мамыр 2022
46

«Оқушылардың жазғы тынығу жұмыстарын ұйымдастыру туралы» аудандық семинар өткізілді

2022 жылдың 23 мамыр күні Құрманғазы аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Құрманғазы аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасынан, Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінен және Атырау қаласы жедел құтқару жасағы бөлімшесінен мамандардың қатысуымен жазғы тынығу жұмыстарына жауапты мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен мектеп жанындағы лагерь басшыларына арналған «Оқушылардың жазғы тынығу жұмыстарын ұйымдастыру туралы» аудандық семинар өткізілді. Аудандық семинарға 39 маман қатысты.

Семинарда балалардың жазғы демалыс орындарының уақытылы және сапалы дайындалуы барысында мамандар тарапынан жаппай тамақтан улану, жұқпалы аурулардың алдын алуда және өрт, су, өмір қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық- гигиеналық талаптарын сақтау бойынша кеңестер беріледі.

Мектеп жанындағы лагерьлердің қызметінің әр кезеңінің 2-ші күні «Өмір қауіпсіздігі күні» болып белгіленіп, төтенше жағдайлар, дәрігерлермен, өрт, су қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқамалар өткізу жоспарланды.