Создано: 25 апреля 2022
137

Қылқалам шебері

Хабарлама
Құрманғазы аудандық оқушылар үйінің базасында 2022 жылы 22 сәуір күні сағат 10.00-де оқушылардың, жастардың дарындылығын, шығармашылық ойлау мен
қиялдарын дамыту, көркем-эстетикалық іс-әрекет мәдениетін, өнерде өзін-өзі жүзеге асыру мен өзін-өзі көрсетуге ынталандыратын орта қалыптастыру мақсатында «Мен және менің хоббиім» атты аудандық фотосуреттер байқауы қашықтық форматта өткізілді.Фотосуреттер байқауына аудан мектептерінен 21 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 10-11 сыныптар арасында:
І орын -Абай атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әуезов Диас Ерланұлы, жетекшісі Сидәлиев Қайыржан;
ІІ орын-Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысыМурзалиева
Гульдана, жетекшісі Алтыбаева Гульсана; ІІІ орын-Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қуанышәлі
Жаннур Болатқызы, жетекшісіБисенова Нурсулу; ІІІ орын-З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы
Кеңесбайқызы Айкөркем, жетекшісі Мадиева Нургул; 5-9 сынып оқушылары бойынша:
І орын-Абай атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысыСергейұлы Ерасыл, жетекшісі Сидәлиев Қайыржан; ІІ орын-аудандық оқушылар үйінің «Қылқалам шебері» үйірмесінің оқушысы Мықтыбек Бақдаулет, жетекшісі Теміржанов Ақназар;
ІІІ орын-Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Сағынғали Жаннұр, жетекшісі Хасанова Үздік;
Алғыс хатпен 10-11 сынып оқушылары бойынша: З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Айтымбетова
Айдина Әлімжанқызы, жетекшісі Гизатова Ардақ ; М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дубина Анастасия,
жетекшісі Шырақбаева Назерке; Қиғаш жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қадырова Алтынай, жетекшісі
Мукашева Улжан; 5-9 сынып оқушылары бойынша: Қиғаш жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысыЕрбулатқызы Гүлжихан, жетекшісі
Мукашева Улжан; Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ғасырбекқызы Жайна, жетекшісі Бақтыгереева Саягүл;
Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тусипова Айсана, жетекшісі Қаражигитова Гулнар марапатталды. Облыстық «Мен және менің хоббиім» атты фотосуреттер байқауына І, ІІ орын иеленген оқушылардың жұмыстары жолданды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.